Несие беру туралы шарттың талаптарын қалай өзгертуге болады: ережелер толықтырылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 28 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысымен банктік қарыз шартының шарттарын өзгерту тәртібі туралы Ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, микрокредит беру шартының шарттарын өзгерту тәртібі туралы Ережеде микрокредит беру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарыз алушы оған микрокредит берген микроқаржы ұйымына беруге тиіс екені нақты көрсетілген.

Өтінішпен бірге міндеттемені орындау бойынша мерзімін өткізіп алу жағдайын (фактілерді) растайтын құжаттар мен кірістер туралы мәліметтер және өтініш беруге негіз болған басқа да мән-жайлар қоса беріледі.

Микрокредит шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алуға себеп болған мән-жайларды растау үшін қажетті құжаттар тізімі:

Сондай-ақ, егер қарыз алушы толық емес құжаттар мен мәліметтер ұсынса, микроқаржы ұйымы өтінішті қарау үшін қажетті жетіспейтін құжаттарды қосымша сұратуға міндетті.

Егер қарыз алушы — жеке тұлға әлеуметтік осал топқа жататын болса және соңғы екі айдағы орташа айлық табысы, өтініш берілген айға дейінгі соңғы 12 айдың орташа табысымен салыстырғанда 30 пайыздан астамға азайған болса немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болса,  төтенше жағдай енгізуге себеп болған жағдайлардың салдарынан зардап шексе, онда микроқаржы ұйымы микрокредит беру шартының шарттарын кемінде үш ай мерзімге өзгерту туралы өтінішке келісім беруі тиіс.

Бұл қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді