Абай облысында аударылған жүк көлігі жүргізушісінің жүрек талмасы ұстағаны белгілі болды

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Абай облысында жүк көлігі жол шетіне шығып кетіп, аударылған. Сараптама қорытындысында жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылы 7 қазанда аталған жол көлік оқиғасының "Алматы – Өскемен" тас жолының 731-шақырымында болғанын нақтылайды.  

"2025 жылғы 5 қазанда Volvo маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматы бағытына қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – инфаркт. Бұл қайғылы жағдай ұзақ жол тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар физикалық төзімділікті, сабырлылық пен мұқияттылықты талап ететінін еске салады. Басқарусыз қалған ауыр жүк көлігі – жолдағы өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп", делінген полиция хабарламасында.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Абай облысының полицейлері жедел жәрдем бригадаларымен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады.

"Стационарлық бекеттерде жүргізушілерге дәрігерлердің экспресс-тексеруінен өту ұсынылады. Мұндай тәжірибе жүргізушілердің шаршау немесе денсаулығының нашарлау белгілерін уақытылы анықтап, жолдағы ықтимал қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді өз денсаулығына ұқыпты қарауға және өзін жайсыз сезінген жағдайда немесе шаршаған кезде көлік тізгініне отырмауға шақырады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстауда 10 адамның өмірін қиған жол апаты кезінде ауруханаға түсіп, ота жасалғаннан кейін көлік жүргізушісі қамауға алынғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды