Семейде есірткі заттарын заңсыз сақтаған азамат ұсталды

Сурет: polisia.kz
Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Қарасора-2025" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысының жолын кесу мақсатында жүргізілген жедел іс-шара барысында Семей қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту барысында аталған азаматтың басқаруындағы Mitsubishi автокөлігінің артқы орындығының астынан ерекше иісі бар, жасыл түсті қағазға оралған зат тәркіленді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат есірткі құралдарына жататын марихуана болып шықты. Заттың бір бөлігі темекі тұқымдас өсімдік жапырақтарымен араласқаны анықталды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы – темекімен аралас күйінде 0,72 грамм және таза кептірілген түрінде 0,51 граммды құрайды. Аталған факті бойынша есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген полиция хабарламасында.

Абай облысы полиция департаменті есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе сату ауыр қылмыс екенін және ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бұған дейін Ақтөбеде полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді аман алып қалғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты