Жетісу облысында жерасты зертханасы жойылды

Сурет: polisia.kz
Ескелді ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде құқық қорғау органдары жасырын және мұқият жабдықталған жерасты зертханасын анықтады. Тергеу барысында екі шетел азаматы мен Астана қаласының тұрғыны синтетикалық есірткі өндірумен айналысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері кәсіби зертханалық құрал-жабдықтарды, 6,4 келіден астам мефедрон есірткі затын, сондай-ақ өндірістік мақсатта пайдаланылмақ болған прекурсорлардың қалдығы бар 200 литрлік реакторды тәркіледі.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полицияның мәліметінше, атқарылған жедел шаралардың арқасында ірі есірткі тобының әрекетіне нүкте қойылып, көптеген адам өмірін жалмауы мүмкін қайғылы оқиғалардың және жаңа тәуелділіктердің алдын алынды. Полиция тұрғындарды қоғамдағы қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.

"Егер есірткіні пайдалану, сақтау немесе тарату фактілері туралы ақпарат білсеңіздер, дереу 102 нөміріне немесе полицияның ресми әлеуметтік желілеріндегі жеке хабарламалар арқылы хабарлауға болады. Анонимдікке толық кепілдік беріледі", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтағаны хабарланған.

Алматы облысы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады