Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 14:14 Фото: pexels
Қала тұрғыны өзін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырауына алданып, полицияға жүгінген.

Алаяқтар азаматшаның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіріп, өз нұсқауларын орындауға көндірген.

Нәтижесінде алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдетіп, тіпті олардың үйі мен автокөлігін төмен бағамен сатуға көндірген. Келтірілген жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асты.

Тергеу барысында жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударғаны, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жібергені анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды Алматы және Шымкент қалаларында анықтады. Қаскөйлер ұрланған қаражатты Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударған.

Полицейлер екі күдіктіні ұстады. Алаяқтық жайты бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция азаматтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеуді, жеке деректер мен құпия кодтарды ешкімге айтпауды ескертеді. Күмән тудырған қоңыраулар түскен жағдайда бірден полицияға жүгінгеніңіз абзал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: