Қарағанды қаласында ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 13:39 Фото: Zakon.kz
Оқиға сәуір айында тіркелген. 46 жастағы қала тұрғыны үйіне оралғанда, баспанасына ұры түскенін түсініп, бірден полицияға жүгінген.

Белгісіз адам үйден алтын әшекейлер мен қымбат бағалы тонды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 8 миллион теңгеге бағаланды.

Жәбірленушінің арызы негізінде Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтады – ол 29 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты.

Кешенді іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті жалдамалы пәтерлердің бірінен табылып, ұсталды. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттарды сатып үлгергенін айтқан.

Заттай айғақтар тәркіленіп, іске тіркелді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: