Қарағандыда пәтер ұрысы ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 16:46 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны үйіне оралғанда, телефоны мен әмиянындағы ақшасының жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Жәбірленуші алдымен жоғалған заттарын өзі іздеп көргенімен, еш нәтиже шықпаған. Қалалық Октябрь полиция бөлімі бұл жайтты тіркеп, жедел-іздестіру шараларын қолға алды.

Шығын көлемі 980 мың теңгеге бағаланған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға кезінде тұрғын үй подъезінен көршілес ықшамауданның 35 жастағы тұрғыны шыққаны анықталған.

Күдікті азаматтан жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындап, ұрланған телефонды өз еркімен қайтарып берді.

Тергеу барысында оның пәтерінің есігі жартылай ашық тұрғанын пайдаланып, ішке жасырын кіріп, дәлізде тұрған сөмкеден телефон мен ақшаны ұрлағаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды үй қауіпсіздігіне бейқам қарамауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: