Ресей Қазақстаннан келетін тауарларды әкелуді жеңілдетті

Фото: freepik
Ресей Президенті Владимир Путин 2025 жылғы 24 қазанда "Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының Ресей-Қазақстан бөлігіндегі кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясына (Ресей Федерациясының Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасының нақты кесіп өтуі арқылы) Қазақстан Республикасынан және Қырғыз Республикасынан келетін, алушылар Ресейдің заңды тұлғалары болып табылатын тауарларды, олардың Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін растайтын құжаттарсыз, Еуразиялық экономикалық одақ құқығының немесе Ресей Федерациясы заңнамасының талаптарында көзделген таңбалау немесе ақпаратты қолданусыз әкелуге рұқсат етіледі", — делінген құжатта.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тауарларды әкелу кезінде тасымалдаушыда Ресей Федерациясының кеден органына тауарларды алушының қарапайым жазбаша түрде рәсімделген, тауарларды белгіленген тәртіппен декларациялау міндеттемесі туралы хабарламасы болуы тиіс.

Өз кезегінде, тауарларды алушылар қамтамасыз етеді:

Жарлықтың ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына кіретін тауарларға, сондай-ақ Ресей Федерациясы аумағында айналымы шектелген есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына, күшті әсер ететін және улы заттарға қолданылмайды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша