Зейнетақы активтерін басқару: өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысымен бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары мынадай тармақпен толықтырылды:

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұзылады.

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша осы шарт жасалған күннен бастап кемінде толық бір күнтізбелік жыл өткеннен кейін бұзылуы мүмкін.

Толық күнтізбелік жыл деп тиісті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығы қоса алынған кезең түсініледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа нормалар қолданысқа енгізіледі.

Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша жүзеге асырады:

Инвестициялық портфельді басқарушы өлшемдері Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалатын композиттік индекстер негізінде меншікті инвестициялау стратегиясын айқындайтын инвестициялық портфель үшін инвестициялық декларация әзірлейді.

Зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер:

Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) үлестік қаржы құралдарын, көрсетілген үлестік қаржы құралдарына конвертацияланатын борыштық қаржы құралдарын, сондай-ақ KASE индексіне енгізілген үлестік қаржы құралдарын қоспағанда, құрылымдық өнімдерді зейнетақы активтері есебінен сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.

Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері құнының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.

Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

Зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номиналданған қаржы құралдарына жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 60 (алпыс) пайыздан кем болады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі:

Қатарынан 12 (он екі) ай ішінде инвестициялық портфельдің тәуекел көрсеткіші (стандартты ауытқу) композиттік индекстің тәуекел көрсеткішінен 1,2-ден астам (бір бүтін оннан екі) рет аспайды (стандартты ауытқу) және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша есептеледі.

Зейнетақы активтері есебінен эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан кем болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын зейнетақы активтері есебінен акцияларды сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.

Құжаттың толық нұсқасын сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

Қаулы 2025 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды