Халықаралық мектеп мәртебесі жаңа тәсілмен берілетін болады

Фото: Zakon.kz
ҚР Оқу ағарту министрі 2025 жылғы 31 қазандағы "Халықаралық мектеп мәртебесін беру Ережелерін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру және оған халықаралық білім беруді кіріктіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бастауыш және (немесе) негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім берудің кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын дербес әзірлеп, іске асыратын мектептердің қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады",- делінген ақпаратта.

Халықаралық мектеп мәртебесін беру үшін мынадай талаптар қойылады:

Халықаралық мектеп мәртебесін беру тәртібі

Халықаралық мектеп мәртебесін алуға үміткер білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын нотариалды куәландырылған жарғы көшірмесін және ұйым басшысының қолымен, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінімді ұсыну қажет.

Келесі құжаттарды да бірге беру керек:

Жұмыс органы құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың Талаптарға сәйкес толықтығын және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзіміне сәйкестігін тексереді.

Ұсынылған мәртебеге сәйкестігін қарастыру үшін уәкілетті органның бұйрығымен білім беру ұйымдарының берген өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия құрылады. Өтінімді қарау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия халықаралық мектеп мәртебесін беру не беруден бас тарту туралы қорытынды дайындайды, ол хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға Комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады және қорытындымен келіспейтін Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері міндетті түрде көрсетіледі. Комиссияның қорытындысы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның оң қорытындысы бойынша уәкілетті орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына 5 (бес) жыл мерзімге халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы бұйрық шығарады.

Екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы кезінде жаңадан құрылған ұйым осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес белгіленген тәртіппен халықаралық мектеп мәртебесін алу рәсімінен қайта өтеді.

Бұйрық 2025 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды