Жеделсаты шахтасына құлап кеткен елордалық қамауға алынды

Сурет: pixabay
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 38 жастағы ер адам жеделсатының есігін теуіп сындырып, шахтаға құлап кеткен. Соның салдарынан жеделсаты апатты жағдайда тоқтап, кабина ішінде 31 жастағы ер адам қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, құтқарушылар екі азаматты да шығарып алып, оларға дәрігерлер қажетті көмек көрсеткен. 

"Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды".

Полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздіктің кепілі.

Айта кетсек, аталған оқиға 4 қарашада болғанын төтеншеліктер растаған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі