Астанада ер адам лифт шахтасына құлап кетті - оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап кетті - оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 14:54 Сурет: pxhere
Астанада құтқарушылар екі ер адамға көмек көрсетті. Олардың бірі лифт шахтасына құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қараша күні әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адам лифт есігін теуіп ашып, ішке кіріп кеткен сәт көрсетілген. Ақпаратта айтылғандай, лифт істен шыққан, нәтижесінде ол шахтаға түсіп кеткен.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 4 қараша күні болғанын растады.

"05:11-де "112" қызметіне Нұра ауданындағы Сығанақ көшесі, 32-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі лифтте адам қалып қойғаны және лифт шахтасына түсіп кеткен зардап шеккен адам болуы мүмкін деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қол құралдарының көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды босатты. Сонымен қатар, лифт қызметі мамандарымен бірге 1987 жылы туған ер адамды лифт шахтасынан шығарып алды. Ол медициналық қызмет бригадасына тексеріс үшін тапсырылды", – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жаппай төбелес болғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: