Петропавлда соққыға жығылып, ауруханаға түскен клуб күзетшісіне қатысты полиция түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері тарапынан өзіне заңсыз әрекеттер жасалғанын айтып, шағымданған Петропавл қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінің күзетшісінің видеосы тарауда. Аталған жайтқа байланысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің түсініктесінде былай делінеді:

"Бұған дейін полицияға осы мекемеде болған жанжал туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында бейнежазба арқылы аталған мекеменің күзетшісі әрі спортшы-боксшының осы мекемеде болған адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде ол полицияның заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Қазіргі уақытта ер адам ауруханада жатыр. Емделгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қашып кетудің алдын алу мақсатында палата жанында айдауылдау қызметкерлері кезекшілік етуде".

Сондай-ақ СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев күдіктінің полиция қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтар болғаны жөніндегі уәждері қызметтік тексеріс аясында мұқият тексерілетінін нақтылады. 

"Көңіл көтеру мекемесіне құқық бұзушылықтарға жол беретін кемшіліктерді жою туралы ұйғарым шығарылды. Полиция кез келген зорлық-зомбылық әрекеттер мен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін және заңмен жауапкершілік көзделетінін қатаң ескертеді. Азаматтардың құқықтарын қорғау – ішкі істер органдары жұмысының басты міндеті. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратудан бас тартуды сұраймыз", делінген полиция түсініктемесінде.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады