Жол апатынан адам шығынының көбеюіне байланысты еліміздегі жолдарда бақылау күшейтілді

Сурет: akorda.kz
18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараны жүргізуге адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара барысында патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі. Сонымен қатар жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді. Ал елдімекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.

"Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31%-ға өскені байқалады. Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады. Сондай-ақ заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды", - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полициясының Айырықша тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақбота Боранова.

Айта кетсек, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ-да өткен брифинг барысында 12 адамның өмірін қиған жуырдағы жол апатынан кейін қандай қорытынды жасалғанын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме