Алатау озық дамушы қала мәртебесіне ие болады: Заң жобасы дайындалуда

Фото: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Алатау қаласының озық қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және орнықты экономикалық өсуді ынталандыру үшін жеке конституциялық заң түрінде берік институционалдық негізді бекіту қажет",- делінген ақпаратта.

Конституциялық заң Алатау қаласының арнайы мәртебе шеңберінде жұмыс істеу мақсаттарына қол жеткізуге және институционалдық ортаның мынадай элементтерін қамтамасыз етуге бағытталған:

Арнайы құқықтық режим

Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі инвестицияларды тұрақты тартатын бірегей институционалдық ортаны қалыптастыруға, инновацияларды дамытуға және жоғары білікті адами капиталды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Алатау қаласындағы жергілікті басқару органдарының өз актілерін шығаруға өкілеттікке ие болуы тиіс.

Бұл ретте Алатау қаласының актілері басым бағыттарды реттеуге және қаланы арнайы мәртебеде дамытуға байланысты заңнаманың барлық қажетті салаларын, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей қамтуы тиіс:

Құқықтық инновациялар

Технологиялық және инновациялық орта тез дамып келеді, осыған байланысты заңнама жүйесі оның дамуына әрдайым ілесе бермейді және қажет реттеуді, оның ішінде өзекті қажеттіліктер мен сұраныстарға сәйкес уақтылы қамтамасыз ете бермейді.

Тиісінше, Алатау қаласын озық қарқынмен дамыту және Қазақстан Республикасының инновациялық-бағдарланған экономикасының орнықты өсуін ынталандыру мақсатында бұрын республикалық актілер шеңберінде реттелмеген құқықтық инновацияларды (құқықтық новеллаларды) уақтылы енгізу үшін институционалдық орта құру қажет.

Бұл жаңашыл ережелер тек жаңа құқықтық институттарды енгізіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа реттеу тетіктерін, құқықтық тәсілдер мен әдістерді де қамтиды. Реттеудің ерекшеліктері көбінесе бюджеттік қатынастар саласында да, салық салу және құқықтық актілер шығару саласында да белгілі бір қатынастарды реттеудің

Басқарушылық инновациялар

Конституциялық заң жаңа басқару құрылымдары мен олардың процестері тиімділік пен нәтижелілікті арттыруға, атап айтқанда, инвестицияларды тарту процедураларымен байланысты рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, "бір терезе" (One-Stop Shop) қағидатын толық көлемде енгізуге бағыттауды көздейді.

Цифрлық интеграция (Smart City, Digital by Default)

Конституциялық заңға сәйкес, мемлекеттік сервистер мен порталдар қызметтерді жобалаудың бастапқы кезеңінен бастап цифрлық құрамдас бөліктердің интеграциясын ескере отырып жасалуы тиіс.

Осылайша, цифрлық шешімдер қосымша опциялар ретінде емес, басымдық және қолдану үшін міндетті болып саналуы керек.

Қазіргі уақытта Алатау қаласының аумағында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылуда және оларды 2026 жылдан бастап біртіндеп пайдалануға беру жоспарлануда. Осы жобаларға арналған жалпы инвестиция көлемі шамамен 178 миллиард теңгені құрайды, ал ашылған жұмыс орындарының саны шамамен 3 000-ге жетеді. Бұл ретте Алатау қаласының аумағында қолданыстағы инвестициялық жобалар инновациялық болып табылмайды.

Тиісінше, қаланың ағымдағы инвестициялық тартымдылығы мен іскерлік белсенділік деңгейі Алатауды инновациялар және жоғары экономикалық белсенділік орталығы ретінде қалыптастыру үшін жеткіліксіз.

Осыған байланысты, Алатау қаласының озық дамуын қамтамасыз етуді және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілерді құқық нормаларын сынақтан өткізу, инновациялық жобалар, шешімдер, сервистер мен технологияларды енгізу ерекшеліктерін конституциялық заңда бекітпей, сондай-ақ инвестициялардың тұрақты жағдайлары, инвестицияларды қорғау және капитал қозғалысын реттеу кепілдіктерін орнатпай жүзеге асыру қиын болады.

"Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заң жобасын іске асыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдауды көздеу ұсынылады:

2050 жылға жоспарланған:

Құжат 2025 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды