Көмірсутектер кен орнын рентабельділігі төмен кен орындарына жатқызу ережесі бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің 2025 жылғы 28 қарашадағы қаулысымен көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға өтінішпен жүгінетіні айтылады.

Өтініш осы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

Өтінішке мынадай құжаттардың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері қоса беріледі:

Кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы алдағы күнтiзбелiк жылға өтiнiш ағымдағы жылғы 30 қыркүйектен кейін, бірақ ағымдағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

Өтінішке көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттардың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері қоса беріледі:

Өтініш беруші ұсынатын құжаттарда мәліметтер толық болмаған, құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған, немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптар бұзылып берілген жағдайларда уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiшті қараудан уәжді бас тарту жібереді.

Уәкiлеттi орган өтiнiшті және (немесе) өтiнiште қамтылған мәліметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есеп-қисаптарды қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiш пен оған қоса берiлетін құжаттардың көшiрмелерiн мәселелер бойынша төменде тізбеленген мемлекеттік органдарға қорытынды дайындау үшін:

Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерi уәкілетті органнан алынған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмей уәкiлеттi органға беріледі. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есеп-қисабын жүргiзедi және ПҚӨС мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстар дайындайды.

Мемлекеттік органдардың барлық қорытындысын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындыларымен қоса өтінішті Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді, ол кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельдігі төмен санатқа жатқызу жөнінде ұсынымдық шешімдер шығарады.

Комиссия өз ережесіне сәйкес өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарайды және көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту, рентабельділігі төмен кен орны бойынша ПҚӨС мөлшерлемесінің мөлшері (көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс тұжырымдалған жағдайда) туралы ұсынымдық шешім шығарады.

Комиссия көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсынымдық шешім шығарған жағдайда уәкiлеттi орган он бес жұмыс күні ішінде көмiрсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылатын кен орындарының (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және ПҚӨС мөлшерлемесімен қоса осындай мөлшерлеме қолданылатын күнтізбелік жылды көрсетіп, заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

ПҚӨС мөлшерлемесі күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер ПҚӨС мөлшерлемесі көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан есепке жазылған және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

Уәкiлеттi орган көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешiмді комиссия шығарған ұсынымдарды ескере отырып қабылдайды және комиссия тиісті шешім шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзіп, бас тарту себептерiн көрсетеді.

Көмiрсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту үшін:

Жер қойнауын пайдаланушыға көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тартудың себептері жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өтінішті қайта жібереді.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды