Талғар ауданында топ жігіт жандарынан өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жықты

Сурет: pexels
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында топ жігіттің бір адамға жабылып, ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода бір топ жігіт өздерінің жанынан өтіп бара жатқан адамды тоқтатады. Біраз сөйлескеннен кейін ол кетпек болады, бірақ оны кеудесінен итеріп, топ адамның бірі ұстап қалады. Содан кейін апыр-топыр төбелес басталады. Жәбірленушіні бірден шалып құлатқандар, оны ұрып-соғады. Тіпті, бөтелке де қолданылады. Топ адам тарай бастағанда, оның бірі оқиға орнында қалып, есін жинай бастаған жәбірленушіні басынан тебеді.

Облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бұл фактіге сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайлары жан-жақты, толыққанды және объективті тұрғыда анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар төбелеске қатысқан басқа тұлғалардың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жалғасуда", делінген түсініктемеде.

Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды