Бүгін елімізде Прокуратура күні атап өтілуде

Сурет: Zakon.kz
6 желтоқсанда Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі. Қадағалау органы қызметінің маңыздылығы неде және ведомство қандай функцияларды атқарады? Мұның жауабымен Zakon.kz ұсынған материалдан қаныға аласыздар.

Осыдан тура 34 жыл бұрын Жоғарғы кеңестің төралқасы "Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы" қаулы қабылдады. Сол кезден бастап қызметтік борышқа адалдық, мінсіз адамгершілік қасиеттер прокурорлық корпусқа жаңа сыни тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді іске асыруда елеулі үлес қосуына мүмкіндік беріп келеді.

Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары сындарлы сопақты басып өтіп, қалыптасудың үлкен даңғыл жолына түсе білді. Ведомствоның беделі және оның әлеуметтік маңыздылығы бірнеше есе артты. Президент қойған жауапты міндеттерді орындай отырып, республика прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Ведомство басшысы Берік Асылов азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және тұтастай ел мүдделерін қорғаудың сенімді кепілі бола отырып, Қазақстан прокуратурасы мемлекеттілікті нығайтуда шешуші рөл атқаратынын бірнеше рет атап өтті.

Өйткені, прокурор – бұл жай ғана мамандық емес, қазақстандықтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау жөніндегі миссия. Ол - бүгіндері барлық жерде прокуратура қызметкерлері мен ардагерлеріне білдіріп жатқан алғыстың арғы жағындағы күнделікті қажырлы еңбек.

Жыл сайын кәсіби мерекеге орай бүкіл еліміз бойынша салтанатты жиындар өткізіліп, прокуратура өкілдеріне құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін лайықты наградалар табыс етіледі, құқық қорғау жүйесін дамыту үшін берік негіз болған қадағалау органының ардагерлері құрметтеледі.

Ведомство қызметкерлерінің ресми кәсіби мерекесі құқықтық мемлекет пен қоғамның әділеттілік жүйесіне деген сенімін нығайтудағы қызметтің маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, кәсіби мамандардың қызметі елдің тұрақтылығы мен құқықтық тәртібіне тікелей әсер етеді. Олардың жұмысы білімді, батылдықты және мінсіз адалдықты қажет етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты