Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
Қазақстанның Бас прокуратурасы (БП) бүгін, 2025 жылғы 6 желтоқсанда маңызды мәлімдеме жасады. Құзырлы орган дабыл қағып, алаяқтар тактикасын өзгертіп жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның Telegram арнасында айтылады:

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан  әрі Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді".

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. "Авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.

Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.

Бұл ретте мыналар ұсынылады:


"Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар", делінген БП хабарламасында.

Бұған дейін алаяқтар домофон қызметі атынан телефон шалып, жеке деректерге қол салып жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды