Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты 450-ге жуық жүк көлігі жолда қалған

Сурет: polisia.kz
2025 жылдың 10 желтоқсанына қараған түні Жамбыл облысында тұрақтар мен автотұрақтарда 450-ге жуық жүк көлігі жолға шыға алмай, тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі уақытта республикалық маңызы бар Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолында бірнеше жерде жүк көліктерінің топталуы тіркелді:

"Жамбыл облысында қолайсыз ауа райының салдарынан полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы жүргізіліп жатқан бақылау мен алдын алу шараларына 50-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Олар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда көліктерді сүйемелдеуді жүзеге асыруда", делінген полиция хабарламасында. 

Жолды қардан тазалау және қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары күшейтілді. Түркістан облысы бағыты бойынша алты арнайы техника, жаңа Қордай асуында – алты бірлік (төрт жол машиналары, екі грейдер), ал ескі Қордай асуында – бес техника (төрт жол машиналары, бір грейдер) жұмыс істеп жатыр.


"Түркістан облысы бағыты бойынша қозғалыс бүгін сағат 12:00-де толық ашылды. Ал жаңа Қордай асуында қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары сағат 15:00-де аяқталуы жоспарлануда. Жүк көліктері кептеліс туғызбауы үшін оларды кезең-кезеңімен өткізу ұйымдастырылған. Қолайсыз ауа райына қарамастан, өңірде төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді