Түркістан облысында табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған 15 жүк көлігі анықталды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында полицейлер табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған 15 жүк көлігін анықтады, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы жүргізілген рейд барысында Әйтекеби ауылында жүргізілген тексеру кезінде Hova жүк көлігінің құм тасымалдап жүргені анықталып, сондай-ақ жүк тасымалдауға арналған тиісті құжаттардың болмауы және ақылы жол төлемдерінің төленбеуі фактілері тіркелді.

"Аталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған тағы 15 жүк көлігі анықталып, барлығы арнайы айып тұрағына жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.

Аудан аумағындағы табиғи байлықтарды сақтау, олардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады. 

Айта кетсек, Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты 450-ге жуық жүк көлігі жолда қалған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды