Тоқаев архив ісі және ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған заң архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің қызмет тиімділігін арттыруға және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ республиканың 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сонымен қатар "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" заңның қолданылу аясы кеңейтіліп, архивтік құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану салаларын қамтиды. Ұлттық архив қорының құрамы тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-сметалық және қала құрылысы құжаттамаларымен, сондай-ақ оларға қатысты сызбалар мен мәтіндік жазбалармен толықтырылады.

Заңға сәйкес, жеке тұлғаның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қатысты мәліметтерді қамтитын Ұлттық архив қоры құжаттарына және өзге де архивтік материалдарға қол жеткізу құжаттар жасалған күннен бастап 75 жыл мерзімге шектеледі.

Бұдан бөлек, уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес электрондық түрде ұйымдастырылып сақталатын электрондық архив құжаттары мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінен тұратын цифрлық архивті жүргізу және оған құжаттарды тапсыру тәртібі регламенттеледі.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жасалған әрі тарихи-мәдени және ғылыми құндылыққа ие аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік архивтерге тапсыруы туралы норма бекітіледі.

Сондай-ақ, балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында заңда қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты таратуға шектеу қою нормалары көзделген.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды