Қазақстанда мемқызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілгені рас па - ресми түсініктеме

Фото: freepik
Күні кеше желіде "Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға салынған тыйымның күші жойылды" деген мазмұндағы ақпараттар тарай бастады. Бұған қатысты Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар өз түсініктемесінде мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды және қабылданған заңның мәнін бұрмалайды деп атап көрсетеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың шешімдерін орындау мақсатында әзірленген Заңға қол қойды. Заңның негізгі мақсаты - заңнаманы Конституцияға сәйкес келтіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және бір мезгілде мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда теріс пайдаланудың нақты тәуекелдерімен байланысты емес артық тыйымдарды алып тастау.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті кәсіпкерлік қызметпен ұштастыруға тыйым салуды, жоюды көздемейді. Мемлекеттік қызметшілер үшін аталған шектеулер толық көлемде сақталады. Өзгерістер мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес, оларға мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (оның ішінде мектептер мен ауруханалардың), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, сондай-ақ автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

Заңда аталған тұлғалардың кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуына жол берілмейтін жағдайлар нақты айқындалған. Атап айтқанда:

Сонымен қатар, Конституциялық сот кәсіпкерлік қызметке тыйым салу сараланған сипатта болуы және лауазымдық міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты айқындалуы тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар қатарынан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу келесі санаттарға сақталады:

Бұрынғыдай, заңмен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметпен орта буын және қатардағы қызметкерлер айналыса алады, өйткені олар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар санатына жатпайды.

Заңда көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы кәсіпкерлікпен шектеусіз айналысу еркіндігін білдірмейді.

"Аталған тұлғалар бұрынғысынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері болып табылады, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі міндеттемелер, сондай-ақ бір мемлекеттік органда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде жақын туыстарымен тікелей бағынысты қатынаста жұмыс істеуге тыйым салу талаптары қолданылады", делінген ресми түсініктемеде.

Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін әлсіретпейді, керісінше оларды нақтылап, құқықтық тұрғыдан негіздейді. Ол бақылау жүйесін жоймайды, тек қоғамдық мүдделерді қорғауға қатысы жоқ артық шектеулерді алып тастайды.

Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды