Қазақстанда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары әзірленді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты әзірлеудің мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі берешек толық өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібі мен шарттарын айқындау.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл шара бизнеске "таза парақтан" бастауға мүмкіндік береді. Яғни кәсіпкерлер өсімпұлдар мен айыппұлдардан босап, банктік шоттарды бұғаттан шығарып, мүлікке қойылған шектеулерді алып тастап, заңды қызметін кедергісіз жалғастыра алады.

Ведомствоның болжамынша, аталған қағидаларды қабылдау кәсіпкерлерді негізгі қарызын төлеуге ынталандырып, салықтық жүктемеден толық босауына жол ашады.

Аталған құжат 27 қаңтарға дейін көпшілік талқылауы үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды