Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін қандай өзгерістер дайындалып жатыр

Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мемлекеттік қызмет саласында қандай өзгерістер болатынын айтып берді. 2026 жылғы 14 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы тиісті заңнамалық түзетулерді қарауға қабылдады.

Снежанна Имашеваның айтуынша, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасы оған ілеспе түзетулермен бірге 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы негізінде әзірленген және мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

"Заң жобасының негізгі міндеттерінің қатарында сервистік және азаматқа бағдарланған мемлекеттік қызмет моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыру бар", – деп түсіндірді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң негізінен еңбек қатынастарын ғана реттейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіру, оны атқару және тоқтату мәселелерімен шектеледі.

"Ал жаңа заң жобасында мемлекеттік қызметтің мақсаты, оны атқарудың негіздері мен ерекшеліктері нақты бекітіледі. Бұл мемлекеттік қызметтің өзге еңбек қызмет түрлерінен айырмашылығын айқындайды. Осы негізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен олардың лауазымдық міндеттері белгіленеді. Олардың қатарында – қазақстандық патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік бар", – деді Снежанна Имашева.

Заң жобасының ауқымды бөлігі мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға, білікті кадрларды тарту және ұстап қалуға арналған. Осы мақсатта:

Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайту және әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша бірқатар шара көзделген:

Құжатта мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіруге, соның ішінде тәртіптік жауапкершіліктің алдын алу әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар да қарастырылған:

Заң жобасы сондай-ақ мемлекеттік аппараттың ашықтығын, тиімділігін және кәсібилігін арттыруға бағытталған. Соның ішінде мемлекеттік қызметке іріктеуді "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізу ұсынылады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметшілерді де, мемлекеттік емес сектордан үміткерлерді де қамтиды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге қатысты медициналық тексеруден өту талаптарын енгізу көзделген. Бұл – есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз тұтынудың алдын алу мен анықтауға бағытталған.

Сонымен қатар құжатта сайланбалы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, сайланбалы лауазымды атқару тәртібін, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметті өтуі мен тоқтатуының ерекшеліктерін айқындау қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды