Астанада құқық қорғау органдарының қызметкеріне қарулы шабуыл жасалды

Сурет: pixabay
Желіде Астанада ер адам жүргізушінінің иығы мен мойын тұсын жарақаттағаны, сондай-ақ оны мылтық дүмбісімен ұрғаны, ал жәбірленуші өзін қорғау мақсатында шабуылдаушыны көлігімен қаққаны жайлы ақпарат тарады. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

Расында, астаналық ер адам аңшылық мылтықпен кетіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атып, одан соң оқиға орнынан ізін суытқаны белгілі болды.

"Болған оқиға туралы жәбірленуші "102" байланыс арнасына қоңырау шалып, хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу аттанды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мылтық тәркіленді", деп жауап берді полициядан.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері екені және оқиға болған кезде еңбек демалысында болғаны нақтыланады.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Орал қаласында бір науқас медицина қызметкеріне шабуыл жасағаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді