Ақтөбеде ер адамнан ақша бопсалаған күдікті келіншек ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде әйел адамның ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында ақтөбелік бойжеткен 54 жастағы қала тұрғынын қорқытып, ер адамнан 450 мың теңге көлемінде ақша бопсалағаны белгілі болды.

"Әйел жәбірленушіні өзін "зорлады" деп құқық қорғау органдарына арызданатынын айтып қорқытқан. Жедел іздестіру барысында 28 жастағы күдікті анықталып, жәбірленушіден ақшаны алған кезінде ұсталды. Бойжеткен полиция бөліміне жеткізіліп, бопсалап алынған ақша қаражаты тәркіленді. Ол кінәсін мойындап, мұндай қадамға пайдакүнемдік мақсатта барғанын жеткізді. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Өзінің заңсыз әрекеті үшін ақтөбелік тұрғын мүлкi тәркiленiп немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін екені де нақтыланады.

Бұған дейін Алматыда автобуста жанжалдасқан екі ер адамның бірі қамауға алынғаны хабарланған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін