Индонезияда ресейлік блогерді ұрды деген күдікпен қазақстандық модель ұсталды

Сурет: pxhere
Бүгін Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Балиде ҚР азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Балиде қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ол барда ресейлік блогер Карина Фадеевке шабуыл жасады деп күдікке ілінген. Кейбір БАҚ мәліметтері бойынша, сот тергеу жүріп жатқандықтан, Алтайбекованы 60 күнге қамау туралы үкім шығарған.

2026 жылғы 21 қаңтарда баспасөз қызметі ҚР СІМ-нің ресми түсініктемесін ұсынды:

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Индонезияда ҚР азаматының ұсталғанын біледі. Істің мән-жайы мен қылмыстық-процестік сипаттағы өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Іс жүргізу мәртебесі мен қолданылатын шараларды Индонезияның құзыретті органдары ғана ұлттық заңнамасына сәйкес анықтайды". 

Сондай-ақ, сыртқы саясат ведомствосы Индонезиядағы ҚР елшілігі отандасымызға өз құзыреті шегінде консулдық-құқықтық көмек көрсетуге әзір екенін де нақтылады.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстанда вебкам қызметін ұйымдастырған топ ұсталғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды