Білім берудің зайырлы сипатын Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Конституциялық комиссия 2026 жылдың 31 қаңтарында жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі - Конституцияда зайырлы білім беру қағидатын бекіту ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай ұғым жаңа Конституция жобасының 33-бабында қамтылған. Оның мәтіні былайша болып келеді:

33-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi.

2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

5. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды