Алматыда жеке мектептегі буллингке қатысты қозғалған іс тоқтатылды – полиция

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты буллинг қолданылды деген ақпарат бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын. Оның немен тынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында аталған мәліметтер расталмады.

"Буллинг фактілері анықталған жоқ. Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілді", делінген 2026 жылғы 31 қаңтардағы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады.

Айта кетсек, үш күн бұрын жансақтау бөліміне түскен қыздың әкесі Қанат Әміркин әлеуметтік желіде жазба жариялап, болған жайтқа жеке мектептегі жағдай себеп болды деп санайтынын жеткізген. Кейінірек Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан аталған оқиғаға қатысты түсінік берген.

Бұған дейін 2026 жылғы 27 қаңтарда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мектептердегі буллингке қарсы қабылданып жатқан шаралар мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты қайғылы оқиғаларға тоқталып, пікір білдірген болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы