Білім министрі мектептердегі буллинг туралы: Жағдай бір күнде түзеліп кетпейді

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 15:06 Фото: pexels
2026 жылғы 27 қаңтарда Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мектептердегі буллингке қарсы қабылданып жатқан шаралар мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты қайғылы оқиғалар жөнінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, бұл мәселе жүйелі түрде зерттелген. Осы мақсатта Жамбыл облысында 100 мектеп кездейсоқ іріктеліп, тексерілген.

"Тексеру қорытындысы бойынша облыс әкімі мен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл мәселе бақылауда. Мектептердегі буллингке қатысты түйткілдер бар, алайда біз заңнамалық деңгейде бірқатар жүйелі шаралар қабылдадық. Соның бірі – 111 байланыс орталығы. Буллингке ұшыраған әрбір бала осы нөмір арқылы көмекке жүгіне алады", – деді Сүлейменова.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап педагог-психологтердің жұмысы жүйелі түрде жетілдіріледі.

"Қазіргі таңда педагог-психологтерге балалармен тікелей жұмыс істеуге бар болғаны бір сағат қана бөлінеді. Бүгін қандай да бір үдерісті енгізіп, ертең немесе бір айдан кейін бәрі бірден жақсарып кетеді деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министр.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қараша айында Түркістан қаласында кеуде тұсынан соққы алған мектеп оқушысы көз жұмған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: