Қазақстан мектептерінде пәндерді біріктіру мәселесі тоқтатылды – Білім министрлігі

Школьник, школьники, ученик, ученики, школа, школы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 12:07 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 27 қаңтарда Білім және ғылым министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мектеп пәндерін біріктіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

2025 жылы физика, химия және биологияны "табиғи ғылымдарға", алгебра мен геометрияны "математикаға", сонымен қатар дүниежүзілік тарих пен құқық негіздерін "әлеуметтік ғылымдарға" біріктіру ұсынылған болатын.

"Бұл реформа тоқтатылды, өйткені біз фундаменталды ғылымдардың жеке оқытылуы маңызды деп санаймыз", – деді Сүлейменова.

Министр атап өткендей, бұл мәселе сондай-ақ мұғалімдердің жүктемесіне қатысты болғандықтан, оны педагог қауымдастығының қатысуымен талқылаған.

"Балаларымыздың цифрлық әлемде фундаменталды пәндерді жақсы меңгеруі үшін бұл реформаны тоқтаттық. Апробация жүргізілді, бірақ барлық пәндер жеке оқытылады", – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мектептеріндегі пәндер санын қысқарту мүмкіндігі туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: