Қазақстанда оқушыларға қатысты жауапкершілік аражігі айқындалады

Фото: Zakon.kz
"Педагогтің мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында бірқатар жаңа нормалар көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында.

Атап айтқанда, заң жобасына сәйкес баланың сабақтан тыс уақыттағы мінез-құлқы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер жауапты болады.

Ал педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары білім алушылармен немесе тәрбиеленушілермен болған оқиғалар үшін тек өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезеңінде, яғни білім беру қызметіне байланысты лауазымдық міндеттерін орындау барысында ғана жауап береді.

Сонымен қатар "Білім туралы" заңға ата-аналар мен заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты түзетулер енгізу көзделген.

Атап айтқанда:

Бұдан бөлек, педагогке кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында мынадай құқықтар беріледі:

Бұған дейін оқушыларға смартфондарды тек сабақ үстінде ғана емес, үзіліс кезінде де пайдалануға тыйым салу мәселесі көтерілгені хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін