Өз бүйрегін 25 мың долларға өткізбекші болған ер адам ұсталды

Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысында бүйрегін сатпақшы болған ер адам тергеуге алынды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, полицейлер бүйректі 25 мың АҚШ долларына (12,4 млн теңге) сату фактісінің алдын алды. Қылмыстық іс материалдары бойынша Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желіде өз органын сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Бұл хабарландыру арнайы іс-шаралар кешенін өткізген ҰҚКБ жедел қызметкерлердің назарына ілікті. Нәтижесінде ер адам Көкшетауда келісілген соманың бір бөлігін алу кезінде ұсталды.

"Тексеру барысында қазақстандық мұндай хабарландыруларды бұрын да орналастырғаны анықталды. Ұстау кезінде полиция ақшалай қаражатты, ұялы телефонды ,сондай-ақ медициналық анықтамалар мен талдау нәтижелерін тәркіледі", деп хабарлады 2026 жылғы 23 ақпанда ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары және құқыққа қарсы схеманың ықтимал қатысушылары анықталуда.

Құқық қорғау органдары Қазақстанда органдарды сатып алу-сатуға заңмен тыйым салынғанын және сатушы үшін де, делдалдар мен әлеуетті сатып алушылар үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бұған дейін көп мөлшерде қымыз ішіп, көлік тізгіндеген ЖСО палата басшысы қамауға алынғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды