Qazaqstan Media мәліметінше, қайғылы оқиға жетінші ақпанда болған. Алдын-ала нұсқаға сәйкес, ішімдікке тойып алған жұп өзара жанжалдасып, ер адам әйелдің жүрек тұсынан ұрған. Ол бұған шыдамай, қолына тиген теледидардан қашықтан басқару құралымен сүйіктісінің басынан ұрғылай берген.
Бұл көрініске олардың 35 жастағы досы куә болған. Болған оқиғадан кейін қонақ үй иесімен бірге арақ ішуді жалғастырған. Тек келесі күні ғана олар теледидар пультінен "таяқ жеген" адамға медициналық көмек қажет екенін түсінген. Ауруханада жәбірленушінің өмірі үшін ақ халаттылар он күн бойы күресті. Бірақ олар оған көмектесе алмады.
"Полиция 52 жастағы Петропавл тұрғынының өліміне әкеліп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде. Күдікпен 58 жастағы әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 ақпанда.
Зардап шеккен адамның миына ауыр жарақат келген.