Елордада полиция ірі көлемдегі "синтетиканы" тасымалдау әрекетінің жолын кесті

Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер қала аумағынан шыға берістегі бекетте Hyundai автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 34 жастағы жүргізуші қобалжып, жаяу қашуға әрекет жасаған. Алайда ол оқиға орнында қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлікті тексеру барысында жүксалғыш бөлігінде, қаптаманың астынан өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған қара полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 2 келіден асатын синтетикалық есірткі — альфа-PVP екені анықталды.

"Сонымен қатар, вакуумдауға арналған құрылғы мен zip lock пакеттері қаптама материалдары табылып, бұл затты әрі қарай өткізуге дайындау әрекетін көрсетеді. Барлық айғақ заттар тәркіленді. Анықталғандай, күдікті есірткінің ірі партиясын басқа өңірге жеткізуді жоспарлаған. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда. Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау фактісімен қылмыстық іс қозғалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция заңмен тыйым салынған заттарды сақтау мен таратуға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай фактілер туралы ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет екені де нақтыланады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Алматыда әкімшілік ғимарат өртенді

Полиция академияларына түсу енді толықтай онлайн жүргізіледі

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы