Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткіге тексеру енгізілуі мүмкін

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 18 наурызда Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың негізгі жаңашылдықтарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев таныстырды.

"Заң жобасының басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметті сервистік және азаматқа бағдарланған модельге көшіру, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және HR-процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айқындалған. Олардың қатарында қазақстандық патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел, құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік бар", – деді ол.

Заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген:

"Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты реттеледі: күнделікті жұмыс уақыты – 8 сағатқа дейін; апталық норма – 40 сағаттан аспайды; I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайды; жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарға және науқас туысын күтетін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін". Дархан Жазықбаев

Заң жобасы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіруді де қарастырады:

Маңызды жаңалықтардың бірі – мемлекеттік қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу талаптарын енгізу. Бұл заңсыз есірткі, психотроптық заттар және олардың аналогтарын қолдануды анықтау мен алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер заңмен нақты айқындалады. Олардың ішінде:

Сондай-ақ, мына жағдайларда уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер берілмейді:

"Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскен күннен бастап құмар ойындарға қатысуын шектеуге міндетті", – деп атап өтті Дархан Жазықбаев.

Құжатта мемлекеттік аппараттың ашықтығын, тиімділігін және кәсібилігін арттыруға бағытталған өзге де шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке дайындық институтын енгізу және оны сәтті аяқтаған тұлғаларға кепілдіктер беру көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды