Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 26 наурыздағы бұйрығымен "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын орындауды бақылауды бекіту құжаты мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта бірқатар іс-шаралар көзделген.

Атап айтқанда:

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді Конституция талаптарына сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Үкіметке бұдан бөлек 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекіту міндеттелді.

Құжатта құрылымдық бөлімшелерге бекітілген тапсырмалардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "Астананың мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы әзірленгені хабарланған болатын.

Жаңа Конституцияның мәтіні 2026 жылғы 18 наурызда ресми түрде жарияланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін