Қуандық Бишімбаевтың туысқан ағасы ісін қайта қарауды сұрап, Кассациялық сотқа жүгінді

Сурет: Zakon.kz
Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың туысқан ағасы Бақытжан Байжанов Кассациялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 3 сәуірінде соттың баспасөз қызметі істің қарауға қабылданғанын және процестің қашан басталатыны, яғни датасы туралы алдын ала құлақтандырылатынын хабарлады. Байжановты қорғаушы тарап алдында шығарылған сот үкімін қайта қарауға қол жеткізгісі келеді.

Айта кетсек, Бақытжан Байжанов бұған дейін рақымшылыққа ілініп, жаза мерзімі қысқартылған болатын. 2025 жылдың 30 шілдесінде жазаның өтелмеген бөлігі 1/3-ке қысқартылып, қалған мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіленген болатын.

2024 жылғы 13 мамырда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап, аяусыз өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысқан ағасы Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан
Астана
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін