Оралда жалған қорытынды берген сот сарапшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сарапшысы М.Жонысовқа қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің 2026 жылғы 6 мамырда ұсынған дерегіне сәйкес, сот сарапшысы өз қорытындысында дене жарақаттарының жоқтығын және мәйіттің шіру өзгерістеріне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін еместігін көрсеткен.

"Алайда, эксгумациядан кейін Астана қаласының сот-медициналық сараптама мамандары жүргізген комиссиялық сот-медициналық сараптама нәтижесінде тірі кезінде келтірілген көптеген дене жарақаттары, оның ішінде қабырғалардың және тіл асты сүйегінің сынуы анықталған. Кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта айыптың дәлелді әрі бұлтартпас айғақтарын ұсынды. Нәтижесінде, сот бастапқы сараптамалық қорытындының нақты деректерге сәйкес келмегенін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын жаңылыстырғанын анықтады. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі (сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі) бойынша кінәлі дептанып, 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс ары қарай қарауға Атбасар аудандық сотына берілгені хабарланған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі