Жануарларға қатыгездік танытушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылмақ

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаттары Қылмыстық кодекстегі жануарға қатыгездік танытуға қатысты баптың санкцияларын қайта қарауға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті.

Депутаттар атап өткендей, Сенат қаралып отырған заңға қатысты бірқатар түзетулер енгізді. Олар қараусыз жануарлардың санын реттеу мәселелерін (тәртібі мен мерзімдерін қоса алғанда) жергілікті өкілді органдардың деңгейіне беруге қатысты.

"Үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыру үшін ҚР ӘҚБтК-нің 406-1 және 407-2-баптарына түзетулер енгізіліп, айыппұл мөлшері едәуір ұлғаяды", - дейді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ "қараусыз жануарлар" ұғымы нақтыланып, ветеринариялық қорытынды негізінде жануарларды жансыздандыру туралы шешім қабылдау туралы норма толықтырылды. Қылмыстық жазаны да қатайту ұсынылады.

"Қылмыстық кодекстің 316-бабының екі бөлімі бар. Біріншісі жануарға қатыгездік көрсетіп, оны жарақаттаған жағдайда, ең көп жаза - екі ай бас бостандығынан айыруды қарастырады. Біз оны 6 айға дейін арттыруды ұсынамыз. "Жануардың өліміне әкеліп соқтырған қатыгездік әрекет" туралы аталған баптың екінші бөлігінде ең ауыр жаза екі жылды қамтиды, қазір оны мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей 5 жылға дейін көтеруді ұсынудамыз. Біз осындай ұсыныстарды алға тарттық, үкімет оң қорытынды берді. Екінші оқылымда біз осы ұсыныстарды талқылаймыз", - деді ол.

Жалпы алғанда, Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгермейді, түзетулер тек нақтылау сипатына ие. Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі