Қазақстандық педагогтер оқулықтарды жаңа ереже бойынша таңдайды

Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) таңдау қағидаларының жаңа редакциясын бекітті.

Жаңа тәртіпке сәйкес, баспалар орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен базалық оқулықтар тізбесі бекітілгеннен кейін 5 күн ішінде Оқу мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығына оқулықтар мен ОӘК-тің электронды таныстырылым нұсқаларын ұсынады.

Ал орталық 10 күн ішінде бұл материалдарды өз сайтында орналастырып, педагогтердің танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер туралы мәліметтерді орталық жүйеге енгізеді.

Облыстық білім басқармалары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары баспалармен бірлесіп жыл сайын наурыз-сәуір айларында "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" көрмесін өткізеді. Бұл көрмеде педагогтер, ата-аналар мен оқушылар жаңа оқулықтармен танысып, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат ала алады.

Қағида бойынша, оқулықтар мен ОӘК тізімге енгізілгеннен кейін бір рет қана таңдалады.

10 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестері ұсынылған оқулықтарды қарап, таңдаған нұсқалары бойынша хаттама жасайды.

Ережеге сәйкес, егер пән бойынша оқулық бар болса, оқу-әдістемелік кешен бөлек таңдалмайды. Сондай-ақ бір мектептің параллель сыныптарында бір пән бойынша бірдей оқулық пен ОӘК қолданылуы тиіс.

15 сәуірге дейін педагогтер орталық жүйеде таңдауларын белгілеп, әдістемелік кеңес хаттамасын тіркейді.

Таңдалған оқулықтар тізімі кейінгі жылдары қосымша сатып алуға негіз болады.

Ал 25 сәуірге дейін мектеп кітапханашысы оқушылар санына қарай қажетті оқулықтар мен ОӘК санын орталық жүйеге енгізеді.

1 мамырға дейін аудандық немесе қалалық білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге (ОӘК) берілген өтінімдердің толықтығын тексереді. Одан кейін өтінімді білім беру ұйымдары бойынша келісіп, оны орталық жүйе арқылы облыстық білім басқармаларына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жолдайды.

Кейін білім басқармалары оқушылар саны мен бөлінген қаржы көлемін ескере отырып, оқулықтар мен ОӘК сатып алуға арналған қорытынды өтінімді қалыптастырады. Бұл электронды нұсқадағы оқу материалдарын да қамтиды.

Оқулықтар мен ОӘК мектепке жеткізілгеннен кейін кітапханашы нақты келіп түскен оқулықтардың саны мен атауын орталық жүйеге енгізеді.

Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары орталық жүйе арқылы берілген өтінімдер мен жеткізілген оқулықтарға талдау жүргізеді.

Орталық жүйеде қалыптастырылған өтінімдерде таңдалған оқулықтардың атауы, баспасы және авторлары өзгертілмейді.

Оқу мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы орталық жүйе арқылы білім беру ұйымдарының тапсырыс берген және алған оқулықтары мен ОӘК-не мониторинг жүргізеді.

Егер жеткізілген оқулықтар педагогтердің нақты таңдаған нұсқасына сәйкес келмесе, мұғалімдер өз ескертулері мен шағымдарын облыстық білім басқармаларына немесе аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жолдай алады.

Түскен шағымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.

Сонымен қатар бұйрықпен келесі құжаттарға өзгерістер енгізілді:

Жаңа ережелер 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі