"Шұғыл жарыққа, газға, суға ақша төлеңіз!". Ел азаматтарына жаппай SMS жолдап жатқан кімдер

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылдың 26 мамырында Абай облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі "шұғыл жарыққа, газға және суға төлем жасаңыз" деп жаппай SMS жолданып жатқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді.

"Соңғы уақытта интернет алаяқтары азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы коммуналдық қызметтер атынан жалған хабарламалар жіберуде. Алаяқтар өзін газ, жарық, су немесе басқа да коммуналдық мекеменің бақылаушы қызметкері ретінде таныстырады". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Олар азаматтарға:

"Одан кейін қорқытып, тез арада ақша аударуды талап етеді. Ең қауіптісі – төлемді ресми мекеменің есепшотына емес, жеке тұлғаның банктік картасына немесе телефон нөміріне жіберуді сұрайды". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Баса айта кетелік, коммуналдық мекемелер ешқашан жеке шотқа ақша аударуды талап етпейді.

"Алаяқтардың негізгі мақсаты – сізді асықтырып, қорқытып, ойлануға мүмкіндік бермей ақша аудартқызу". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:

Егер сіз осындай алаяқтыққа тап болсаңыз немесе күмәнді хабарлама алсаңыз, бірден "102" арнасына хабар беріңіз. Интернет алаяқтарына алданып қалмаңыз!

Бұған дейін Астанада демалыс базаларындағы жалға берілетін үйлер алаяқтардың назарына іліккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған