Шетелдік тәлімгерлерді қазақстандық қызметкерлерге бекіту ережесі жаңартылды

Фото: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 26 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда қазақстандық қызметкерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар анықталды:

Тәлімгерлік мыналарды қамтиды:

Жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 6 (алты) айдан 12 (он екі) айға дейінгі кезеңге жұмыс берушімен шетелдік жұмыскерді тарту барысында тәлімгер бекітіледі.

Тәлімгер жұмыскерлерге олардың кәсіптік біліктілігінің жүзеге асырылатын қызмет бейіні мен саласына сәйкес келуін ескере отырып, кәсіби білімін, біліктілігін және тәжірибесін беру үшін бекітіледі.

Тәлімгерді бекіту жұмыс берушінің актісімен оны жұмысқа қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тәлімгерлік мерзімін көрсете отырып ресімделеді.

Жұмыскерді кадр қызметі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің актісімен тәлімгерді бекіткеннен бастап тәлімгердің тағайындалуы туралы хабардар етеді.

Жұмыс беруші тәлімгерге бекітілетін жұмыскерлердің санын тәлімгердің негізгі еңбек қызметін ескере отырып, бірақ 3 (үштен) артық емес анықтайды.

Жоспар мынадай сатыларды қамтиды:

Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын тәлімгерлік кезеңінде жұмыскердің алған білімі мен дағдылары қамтылған Жоспардың іске асырылуы туралы есебін дайындайды.

Тәлімгер жоспарды іске асыру туралы есепті кәсіпорынның кадр қызметіне тәлімгерлік аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.

Кадр қызметі меңгерілген дағдылар және кәсіптік біліктіліктерді тану (болған жаңдайда) нәтижелері туралы деректерді қамтитын қорытынды есепті ресімдейді.

Жұмыскер ерікті түрде кәсіптер тізіліміндегі кәсіп бойынша ("Электронды еңбек биржасы" порталында) кәсіптік біліктілікті тану қажет болған жағдайда көзделген тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану үрдісі жүзеге асырылады.

Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат кадр қызметіне сақтау үшін беріледі.

Тәлімгерді алмастыру 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде тәлімгердің басқа жұмысқа ауысқан немесе жұмыстан шыққан кезден, сондай-ақ тәлімгерлікті жүзеге асыру мүмкін болмаған (сырқаттану, іссапарда, демалыста болу) жағдайларда жүзеге асырылады.

Тәлімгерлік кезеңінде шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерден:

Кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өтпеу еңбек шартын бұзу немесе жұмыскерді еңбек міндеттерін орындаудан шеттету үшін негіз болып табылмайды.

Тәлімгерлікті ұйымдастыру кезінде тәлімгерден:

Тәлімгерлікті ұйымдастыру кезінде жұмыскерден:

Бұйрық 12 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейді

"Шоттар бұғатталып, полиция араласады": ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы әуежайында ұсталған бойжеткен 16 жылға сотталды

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиге Батыр есімі берілді