"Отбасылық тариф" деген алаяқтар құрған қақпан болып шықты

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда Абай облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі азаматтарға ескерту жасап, шұғыл хабарлама таратты. Бұл арада қазақстандықтарды интернет арқылы алдаудың тағы бір түрі пайда болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары соңғы уақытта алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мынандай мазмұндағы хабарламаларды таратуда:

"Отбасылық тарифке қосылыңыз, бос орын бар!".

Осылайша, тәртіп сақшыларының айтуынша, азаматтарға ұялы байланыс қызметтерін арзан бағамен пайдалану мүмкіндігін ұсынып, сенімге кіру жағдаяты туындауда.

"Үнемді тарифке қосылғысы келген азаматтар хабарлама авторларымен байланысқа шыққан кезде, алаяқтар арнайы сілтеме жібереді. Көп жағдайда бұл сілтемелер вирусты бағдарламалар орнатуға немесе жеке деректерді ұрлауға бағытталған. Сілтемеге кірген сәттен бастап телефон құрылғысының жұмысы бұзылып, алаяқтар смартфондағы жеке мәліметтерге, банк қосымшаларына, әлеуметтік желідегі аккаунттарға және басқа да құпия ақпараттарға қол жеткізуі мүмкін". Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін:

"Егер күмәнді хабарлама алсаңыз немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Сақ болыңыз! Сіздің қырағылығыңыз – қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Қаржы министрлігі "қазақстандық кәсіпкерлердің деректері тарап кетті" деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді