Қаржы министрлігі қазақстандық кәсіпкерлердің деректері тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 12:56 Фото: freepik
2026 жылғы 3 маусымда Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда кейбір кәсіпкерлерге алаяқтардың шабуылы жиілегені туралы сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің айтуынша, мұндай жағдай жақында жалпыға бірдей салық режиміне өткен кәсіпкерлер арасында кездесіп отыр.

"Біздің деректеріміз тарап жатқан жоқ, мен бұл туралы ресми түрде мәлімдеймін. Бізде ақпараттық қауіпсіздік қызметтері бар. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша жеке орталық жұмыс істейді. Біздің деректерге қандай да бір рұқсатсыз қол жеткізу немесе араласу болған жоқ", – деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, тіпті қандай да бір деректер сыртқа шығып кеткен жағдайда да, олар ашық түрде оқылатын форматта болмайды, себебі барлық ақпарат бірнеше деңгейлі кодтармен шифрланған.

Вице-министрдің айтуынша, алаяқтардан ешкім толық сақтандырылмаған.

"Бұл – бірнеше жеке жағдай болуы мүмкін. Оны бүкіл ел бойынша кең таралған проблема деу дұрыс емес. Мұндай жағдайлар жаппай сипат алған жоқ, бұл жекелеген оқиғалар", – деді ол.


Бұған дейін рқымшылық жасалған қылмыскерлердің тағы да заң бұзғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: