Рақымшылық жасалған қылмыскерлер тағы да заң бұзды – ҚАЖК

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 12:27 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков 2026 жылғы 3 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында биыл қанша адамның рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өткен жылы рақымшылық актісіне сәйкес 15 мыңнан астам сотталушының жазасы жеңілдетілгенін еске салды.

"Олардың кейбіреулері бостандыққа шықты, енді бірлерінің мерзім қысқартылды. Алдын ала есептеулер бойынша, биыл 15 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілігеді. Оның ішінде 5 мыңнан астамы бас бостандығынан айыру орындарында, 10 мыңнан астамы пробация қызметтерінде жазасын өтеп жатыр", – деді Қайырбеков.

Ол 2025 жылы рақымшылық жасалып, еркіндікке шыққандардың арасында кейбірі қайта қылмыс жасағанын атап өтті.

"Рақымшылық актісіне сәйкес, өткен жылы 2 мыңнан астам адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, оның ішінде сегіз адам қайтадан қылмыс жасап, жауапқа тартылды. Бұл рецидив ретінде қарастырылады, енді олар амнистияға іліге алмайды", – деп қосты министрдің орынбасары.

Бұған дейін Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілігуі мүмкіндігі жайлы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: