Бишімбаевтың інісі шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бермеген

Бишімбаевтың інісі шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бермеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 17:20 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
2025 жылғы 19 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков Бақытжан Байжановтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш түсірмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір сот органдарында да, қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімшелерінде де оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралған жоқ. Болған жоқ. Өтініш бермеген", - деді Абай Қайырбеков.

Ол Байжановтың орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеп жатқанын еске салды.

"Ол қылмысты жасыру бабы бойынша сотталған. Өзге сотталғандар сияқты күн тәртібін сақтайды, қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын орындайды", - деді ҚАЖК басшысы.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені айтылған еді. Рақымшылыққа байланысты оның жаза мерзімі үштен бірге қысқаруы ықтимал, бұл - шамамен сегіз ай.

2024 жылғы 13 мамырда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Байжанов төрт жылға сотталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: