Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арыз жазды
Сурет: kzclip.net
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қапшағай қалалық сотына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы арыз түсті. Сот отырысы 11 шілдеге белгіленді. Алматы облыстық соты
2016 жылдың 10 маусымында белгілі продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаты мен соққыға жығылған күйде ауруханаға түскен. Қылмысқа күдікті Бақытбек Есентаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2016 жылдың 3 қарашасында сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Баянның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы өтінішіне қарамастан Бақытбек Есентаев түрме жазасын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript