Қазақстан соттарына робот енгізіледі
pixabay
Бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босату, санкциялар, шетелге шығу туралы істер.
Судьялардың жүктемесін азайту үшін сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады брифингте ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасов, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің жаңалықтарымыздың бірі – судьяның смарт көмекшісі. Сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізуді шештік. Ол үшін судьяның шешімін талап етпейтін істер іріктеледі. Қазіргі уақытта республикада мұндай істер 400 мыңға жуық, – деді Айдос Сәдуақасов.
Оның айтуынша, бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босату, санкциялар, шетелге шығу туралы істер. Оның бәрін автоматтандыруға болады.
Робот шешім дайындайды, судьяға тек қол қою керек. Қандай да бір техникалық қателіктер болған жағдайда судья істі қайта қарауға құқылы, деп қосты ресми өкіл.
Сондай-ақ, ол сот практикасының біркелкілігі үшін Қазақстанның Кәсіпкерлер палатасымен "Цифрлық аналитика" IT-бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлады.
Бұл сервис сот дауын болжауға және оңды шешім мүмкіндігі қаншалықты екенін түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, әрбір тарап бағаланады: сотқа бару керек пе, жоқ па, – деп атап өтті Сәдуақасов.
Жалпы, брифингте сот жүктемесін азайту және сот корпусын жоғары кәсіби сот кадрларымен күшейту үшін, оның ішінде заңнамалық деңгейде үлкен жұмыс жүргізілгені атап өтілді.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript